Әлеуметтік әріптестік аясында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Камалов Рамиль Фаткулович және «Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нукишев Нұрлан Сейтжанұлы жұмыс сапарымен колледжде болды.
Кездесу барысында қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен және азаматтық қорғау саласындағы болашақ мамандарды дайындау барысымен танысты.
Сапар соңында «Өрт қауіпсіздігі» және «Төтенше жағдайда қорғану» мамандықтарының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар департаменті мен колледж басшыларының диалогы барысында білім беру мекемесін одан әрі дамыту перспективалары және серіктестердің өзара іс-қимылы талқыланды.